Іле ауданы мектептеріндегі өзін-өзі басқару ұйымының президенттері мен бала өкілдерін аудандық ұлықтау кезеңі » №12 ОРТА МЕКТЕП
"Алматы облысы білім басқармасының Іле ауданы бойынша білім бөлімі"
мемлекеттік мекемесінің
"№12 орта мектеп"
мемлекеттік коммуналдық мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(727) -371-32-76
Есепші бөлімі:
+7(727) -371-32-76
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » Іле ауданы мектептеріндегі өзін-өзі басқару ұйымының президенттері мен бала өкілдерін аудандық ұлықтау кезеңі
07
ноябрь
2023

Іле ауданы мектептеріндегі өзін-өзі басқару ұйымының президенттері мен бала өкілдерін аудандық ұлықтау кезеңі


Алматы облысы Іле ауданы білім беру ұйымдарындағы өзін-өзі басқару ұйымының президенттері мен  Қазақстан Республикасында балалардың құқықтарын қамтамасыз ету мәселелері жөніндегі балалар өкілдіктерінің аудандық ұлықтау кезеңі 2023 жылдың 6 қараша күні                             №12 орта мектеп базасында өтті.

Іс-шараның мақсаты: Білім алушылардың бойында азаматтық белсенділік, азаматтық жауапкершілік дағдыларын дамыту, әлеуметтік шығармашылыққа қабілетті, өзінің жеке басын, қоғам мен мемлекетті жетілдіру мүддесіне әрекет ете алатын, әлеуметтік бастамаларды көтеретін жоғары мәдениетті көшбасшы тәрбиелеу.

         Іс-шараға арнайы «Алматы облысының білім басқармасы» ММ-нің «Дене тәрбиесі, спорт, алғашқы әскери дайындығы және қосымша білім берудің ғылыми – тәжірибелік орталығының  бөлім жетекшісі  Валиханов Дамир Қанатханұлы қатысты.

        Ауданымыздағы 53 білім беру мекемелеріндегі өзін-өзі басқару ұйымының президенттері мен бала өкілдері 2 кезеңмен жарысқа түсті. І кезең әлеуметтік желі арқылы лайк, комментарий жинау, екінші кезең өз жобаларын қорғады.

        2023-2024 оқу жылының Іле ауданы бойынша  мектеп президенті атанған №23    орта мектептің білім алушысы    Тельманова Мадина , Іле ауданы бойынша  бала өкілі №12   орта мектептің білім алушысы Сыдықова Арина сайланды.        .

         Абайдың «Толық адам» ілімі, «Еңбегі адал жас өрен», «жеткіншектің жеті жарғысы», «Қолөнер шеберханасы», «Төрт тоқсанға –төрт шара» жобаларын №12 орта мектеп педагогтары көрсетсе, «Көшбасшы –қоғам бейнесі» өзін-өзі басқару ұйымы бұрышы, «Біртұтас тәрбие бағдарламасы» бұрышы, ата-аналарды педагогикалық қолдау кабинеті ашылды.

          Алдағы уақытта мектеп президеттері мен бала өкілдері тоқсанына бір рет кездесіп, өзекті мәселелерді шешуге уағдаласты.








Прокомментировать
  • bowtiesmilelaughingblushsmileyrelaxedsmirk
    heart_eyeskissing_heartkissing_closed_eyesflushedrelievedsatisfiedgrin
    winkstuck_out_tongue_winking_eyestuck_out_tongue_closed_eyesgrinningkissingstuck_out_tonguesleeping
    worriedfrowninganguishedopen_mouthgrimacingconfusedhushed
    expressionlessunamusedsweat_smilesweatdisappointed_relievedwearypensive
    disappointedconfoundedfearfulcold_sweatperseverecrysob
    joyastonishedscreamtired_faceangryragetriumph
    sleepyyummasksunglassesdizzy_faceimpsmiling_imp
    neutral_faceno_mouthinnocent
Введите код с картинки:* Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив