Іс-шаралар » Страница 5 » №12 ОРТА МЕКТЕП
"Алматы облысы білім басқармасының Іле ауданы бойынша білім бөлімі"
мемлекеттік мекемесінің
"№12 орта мектеп"
мемлекеттік коммуналдық мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(727) -371-32-76
Есепші бөлімі:
+7(727) -371-32-76
Нашар көрушілер
нұсқасы
Слет-2022: Біз Жаңа Қазақстан үшін!
11
май
2022
Слет-2022: Біз Жаңа Қазақстан үшін!
Алматы облысында тұңғыш рет Мектептердегі өзін-өзі басқару ұйымдарының облыстық слеты өтті. Слет жаңалығы цифрлық мүмкіндіктер арқылы Мектеп парламенттерінің жұмысы таныстырылды.  18 аудан, 3 қала,  250 қатысушы, 10 спикер, жаңа диалогтық алаң, 5 тақырыптық отырыс болып өтті.  "Мектептің өзін-өзі басқару жүйесіндегі біздің үлес" педагог ұйымдастырушылар отырысында мектебіміздің педагог-ұйымдастырушысы "Үздік эссе" байқауы бойынша  Рымбекова Шырын Қайырбекқызы жеңімпаз атанып, марапатталды. 
1-мамыр Қазақстан халықтарының бірлігі күні
11
май
2022
1-мамыр Қазақстан халықтарының бірлігі күні
1-мамыр Қазақстан халықтарының бірлігі күні! Әрі бұл күн, Қазақстан халқы үшін ең ірі мерекелердің бірі. Еліміздің барлық өңірлерінде дерлік  1 мамыр тойланады. Мақсаты, ел ішіндегі түрлі ұлт пен дін өкілдерінің бір-біріне деген сый-құрметін арттырып,  татулықты, бірлікті, ортақ құндылықтарды  насихаттау.
Сіздерді 9-мамыр – Ұлы Жеңіс Күнімен шын жүректен құттықтаймыз!
11
май
2022
Сіздерді 9-мамыр – Ұлы Жеңіс Күнімен шын жүректен құттықтаймыз!
Сіздерді 9-мамыр – Ұлы Жеңіс Күнімен шын жүректен құттықтаймыз! Бұл мереке – жанқияр ерліктің, еңселі елдіктің рухы өрлеп, Жеңіс жалауы желбіреген күн. Бүгінгі тәуелсіздік тұғырының берік, еңсеміздің биік болуы да, еліміздің өркендеуі мен елордамыздың гүлденуі де – осынау мерекенің жемісі. Бүгінгі ұрпақ аға буын-ардагерлер танытқан қаһармандық пен қайсарлықтан үлгі алып, бой түзейді. Осынау ерлікке толы Күн тарихымыздың мәңгілік ұмытылмас парағы болып қала бермек. Баршаңыздың дендеріңізге
"Жаратылыстану ғылымының құпиясы білімділер мұнарасы"
15
апрель
2022
"Жаратылыстану ғылымының құпиясы білімділер мұнарасы"
2022 жылдың 04-15 сәуір аралығында  "Жаратылыстану  ғылымының  құпиясы білімділер мұнарасы " тақырыбында  жаратылыстану  апталығы  жоспарға сәйкес өткізілді. Апталық аясында  ашық сабақтар, сабақтан тыс іс-шаралр, 10 сынып білім алушылары арасында  география пәні бойынша пікір-талас, биология, химия, география пәндері бойынша 8,9 сыныптардың қатысуымен мектепшілік олимпиадалар, сонымен қатар  5-6 сыныптар арасында құстар әлеміне саяхат, 7-8 сыныптар арасында құстарға қамқорлық  қабырға
"Ғылым күнінің" ашылуы
12
апрель
2022
"Ғылым күнінің" ашылуы
Оқушылардың ғылыми- зерттеу және оқу -танымдық жұмыстарын ынталандыру мақсатында 2022 жылдың 11-15 сәуір күндері аралығында өткізілетін "Ғылым күні" апталығының ашылу салтанаты өтті. Апталық барысында тәрбие сағаттары, дөңгелек үстел, челлендж,көрмелер т.б. іс- шаралар өткізіледі.
"Үздік жас маман-2022"
11
апрель
2022
"Үздік жас маман-2022"
Бүгінгі күні мектебімізде директордың әдістемелік ісі жөніндегі орынбасары Е.Т.Шайхина мен жас мамандар бірлестігінің жетекшісі А.Ж.Садуақасованың ұйымдастыруымен  еңбек жолын жаңа бастаған жас ұстаздарымыздың арасында  "Үздік жас маман -2022" байқауы ұйымдастырылып өтті. Байқау қорытындысы бойынша жас ұстаздар І,ІІ,ІІІ орындармен және әр түрлі номинациялармен марапатталды. I орын - Рымбекова Мөлдір II орын- Қайса Томирис III орын- Тоқтар Даулет жүлделі орындар иеленді.  Ахмет Байтұрсынұлы
22 наурыз
25
март
2022
22 наурыз
22 наурыз іс-шара жоспарына сәйкес "Батагөйлер" сайысы өткізілді. Бас жүлдені иеленген 9 "Е" сынып оқушысы Орманқұл Нұртасты құттықтаймыз!
22 Наурыз
25
март
2022
22 Наурыз
Наурыз құтты болсын! Көктемгі күн мен түннің теңесу күні. Түрлі табиғи құбылыстар мен үдерістерге байланысты жыл сайын қайталанып отыратын астрономиялық және географиялық дәлдік күні.
"Ауған ардагерлеріне тағзым"
12
март
2022
"Ауған ардагерлеріне тағзым"
Патриоттық тәрбие беру, Отанға, ардагерлерге деген құрмет көрсету мақсатында 2022 жылдың 16- ақпан күні Кеңес армиясының Ауғанстан аумағынан шығарылғанына 33 жыл толуына орай 8-нші сыныптардың ұйымдастыруымен "Ауған ардагерлеріне тағзым" атты кездесу өтті.