"Технология пәні сабағы арқылы оқушыларды іскерлікке, шеберлікке және ұқыптылыққа үйрету жолдары" тақырыбындағы аудандық семинар » №12 ОРТА МЕКТЕП
"Алматы облысы білім басқармасының Іле ауданы бойынша білім бөлімі"
мемлекеттік мекемесінің
"№12 орта мектеп"
мемлекеттік коммуналдық мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(727) -371-32-76
Есепші бөлімі:
+7(727) -371-32-76
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » » "Технология пәні сабағы арқылы оқушыларды іскерлікке, шеберлікке және ұқыптылыққа үйрету жолдары" тақырыбындағы аудандық семинар
29
апрель
2019

"Технология пәні сабағы арқылы оқушыларды іскерлікке, шеберлікке және ұқыптылыққа үйрету жолдары" тақырыбындағы аудандық семинар

Семинардың өтілуі туралы мәлімет

25.04.2019ж. Іле ауданы №12 орта мектебінде «Технология пәні сабағы арқылы оқушыларды іскерлікке, шеберлікке және ұқыптылыққа үйрету жолдары» тақырыбында технология пәні мұғалімдерінің аудандық семинары өтті. Семинардың мақсаты: Мектептегі технология пәні мұғалімдерінің кәсіби біліктілігін арттыра отырып, заман талабына сай іскер, интеллектуалдық деңгейі жоғары дамыған шәкірт тәрбиелеуге ықпал ету. Семинарға ауданнан 41 мұғалім қатысты.
Семинар мектеп директоры Т.Т.Ибраймованың технология пәні мұғалімдері және оқушылар қолынан шыққан бұйымдар көрмесімен таныстырудан басталды.
Байсерке ауылы № 9 орта мектебінің технология пәнінің мұғалімі Кенжебек Берік 9-сыныппен «Нобай. Практикалық сабақ», №28 мектеп-гимназиясының көркем еңбек пәні мұғалімі Молдасанова Сауле 5-сыныптың қыздар тобымен «Жеке бастың гигиенасы. Өз-өзіне күтім жасау» тақырыбындағы ашық сабағы, №12 орта мектептің мұғалімдері Ақбай Лаура 5-сыныптың қыздар тобымен «Жемістер мен көкөністерден салат әзірлеу технологиясы» тақырыбындағы ашық сабақтары технология пәнінің мұғалімі Райымбеков Дулат ата-бабамыздың көнеден келе жатқан кәсібін оқушыларға үйрету арқылы кәсіпке баулу мақсатында «Тері өңдеу технологиясы және бұйымдар жасау арқылы оқушылардың іскерлік қабілеттерін жетілдіру» тақырыбындағы шебер сыныбы өткізілді. Нәтижесінде оқушылар қайыстан өрім түрлерін көрсетіп қамшы, ноқта өру және теріден торсық жасау технологиясымен таныстырып көрсетті. Технология пәнінің мұғалімі Аманбаева Гаухар оқушылардың еңбекке деген қабілеттілігін жетілдіре отырып, шығармашылықпен жұмыс істеуге және болашақта сол кәсіппен айналысуына жол салу, өнермен айналысуына бағыт беруді өз міндеті деп білетін шебер ұстаз. «Шығармашылық жобалар» тақырыбында 10-сыныптың қыздарының қол өнер бұйымдарын жасау бойынша жобалары көпшілікке көрсетіліп тәжірибе алмасты. Семинарға келген аудан ұстаздары өз пікірлерін, ұсыныстарын ортаға салып ой бөлісті.
Семинар жұмысын қорытындылау мақсатында сөз алған аудандық білімді дамыту оқу-әдістемелік орталығының әдіскері А.Темірғалиев семинардың өтілу маңыздылығын атап өтті. Өтілген ашық сабақ берген тәжірибелі ұстаздардың сабақтарын бағалап, өз ризашылығын білдірді. Осылайша біздің аудандық семинарымыз өз қызықшылықтарымен, жаңашылдығымен аяқталды.

"Информация о проведении семинара
В средней школе №12 Илийского района 25 апреля 2019 года прошел районный семинар учителей технологии на тему «Технология пәні сабағы арқылы оқушыларды іскерлікке, шеберлікке және ұқыптылыққа үйрету жолдары».
Цель семинара: повышение профессионального уровня учителей технологии в школе, содействие в воспитании учащихся с высоким интеллектуальным и деловым уровнем, отвечающим современным требованиям. В семинаре приняли участие 41 учителей района.
Семинар начался с ознакомительным выступлением директора школы Т.Т.Ибраймовой выставки рукоделий учителей технологии и учеников школы.
Учитель технологии средней школы № 9 с. Байсерке Кенжебек Берик провел урок с 9 классом на тему «Нобай. Практический урок», учитель художественного труда школы-гимназии № 28 Молдасанова Сауле с группой девочек 5 класса провела открытый урок на тему «Личная гигиена. Самообслуживание". Учителя средней школы №12 Акбай Лаура с группой девочек 5 класса провели открытые уроки на тему: «Технология приготовления салата из фруктов и овощей», учитель технологии Райымбеков Дулат с целью привития интереса к профессии через обучение учащихся прошел мастер-класс на тему: «Технология обработки кожи и совершенствование деловых способностей учащихся через создание изделий".
В результате учащиеся показали виды плетения и технологию плетения кнута, уздечка, а также технологию приготовления торсыка из кожи.
Учитель технологии Аманбаева Гаухар является мастером, умеющим совершенствовать трудоспособность учащихся, ориентироваться на творческую работу и в будущем заниматься данной профессией, заниматься искусством. Ученицы 10-класса представили творческую работу на тему: " Творческие проекты» по созданию изделий декоративно-прикладного искусства и представили свои работы аудитории. На семинаре учителя района поделились своими впечатлениями и предложениями.
С целью подведения итогов семинара выступил с речью методист районного отдела образования А.Темиргалиев и отметил о важности проведения семинара. Положительно оценив пройденные уроки, поблагодарил опытных учителей за проделанную работу. Таким образом, проведенный районный семинар завершился интересной новизной.







Прокомментировать
  • bowtiesmilelaughingblushsmileyrelaxedsmirk
    heart_eyeskissing_heartkissing_closed_eyesflushedrelievedsatisfiedgrin
    winkstuck_out_tongue_winking_eyestuck_out_tongue_closed_eyesgrinningkissingstuck_out_tonguesleeping
    worriedfrowninganguishedopen_mouthgrimacingconfusedhushed
    expressionlessunamusedsweat_smilesweatdisappointed_relievedwearypensive
    disappointedconfoundedfearfulcold_sweatperseverecrysob
    joyastonishedscreamtired_faceangryragetriumph
    sleepyyummasksunglassesdizzy_faceimpsmiling_imp
    neutral_faceno_mouthinnocent
Введите код с картинки:* Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив