«Оқытудың заманауи формалары мен әдістері: ізденістер және шешімдер» » №12 ОРТА МЕКТЕП
"Алматы облысы білім басқармасының Іле ауданы бойынша білім бөлімі"
мемлекеттік мекемесінің
"№12 орта мектеп"
мемлекеттік коммуналдық мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(727) -371-32-76
Есепші бөлімі:
+7(727) -371-32-76
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » » «Оқытудың заманауи формалары мен әдістері: ізденістер және шешімдер»
28
сентябрь
2022

«Оқытудың заманауи формалары мен әдістері: ізденістер және шешімдер»

№12 орта мектеп МКМ-де 28.09.2022 күні МИФ пәндері аясында аудандық семинар өткізілді.
Семинар тақырыбы: «Оқытудың заманауи формалары мен әдістері: ізденістер және шешімдер».
Семинар мақсаты: Математика, физика және информатика пәндерін оқытуда оқытудың заманауи формалары мен әдістерін пайдалана отырып тәжірибе алмасу.
Семинар барысында пән мұғалімдері өз іс-тәжірибесімен бөлісті. Аудандық семинар жоғары деңгейде бағаланды. Білім алушыларымыз пәнге деген қызығушылықтары мен қатар сапалы білім деңгейлерін көрсете білді. Семинар аясында, математика пәнінің мұғалімі Булекулова Данара Асановна «Қызық екен» интеллектуалдық сайыс жүргізді. Аудан мұғалімдері белсене ат салысты.
Ашық сабақтар өткізген мұғалімдер жаңа әдіс-тәсілдермен бөлісіп, сабақтары жоғары деңгейде бағаланды. Математика пәні бойынша: Кенжемолдаева А.Р., Сарсенбаев Р.А., физика пәні бойынша: Ербазарова Қ.Қ., Умбеталиева С.Б., информатика пәні бойынша: Рысбекова В.О.
Мұғалімдерге әдістемелік көмек көрсету мақсатында, информатика пәнінің мұғалімі Жаксылыкова Алтынай Ержанқызы «Python программалау тіліндегі графика» тақырыбында шебер-сынып ұйымдастырып, тәжірибесі облыстық деңгейде таратуға ұсынылды.
Семинардың ерекшелігі деп, математика пәнінің мұғалімі: Нақыпова П., информатика пәнінің мұғалімі: Молдақан Б., физика пәнінің мұғалімі: Жумаділдаева М. жүргізген, үш пәнді біріктірген STEAM сабақты атап өтуге болады.

















Прокомментировать
  • bowtiesmilelaughingblushsmileyrelaxedsmirk
    heart_eyeskissing_heartkissing_closed_eyesflushedrelievedsatisfiedgrin
    winkstuck_out_tongue_winking_eyestuck_out_tongue_closed_eyesgrinningkissingstuck_out_tonguesleeping
    worriedfrowninganguishedopen_mouthgrimacingconfusedhushed
    expressionlessunamusedsweat_smilesweatdisappointed_relievedwearypensive
    disappointedconfoundedfearfulcold_sweatperseverecrysob
    joyastonishedscreamtired_faceangryragetriumph
    sleepyyummasksunglassesdizzy_faceimpsmiling_imp
    neutral_faceno_mouthinnocent
Введите код с картинки:* Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив